Біліктілік талаптары: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі заң және (немесе) экономикалық білім, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 1 жыл.
Лауазымдық міндеттері:
1) Сатып алуды ұйымдастыру және комиссияларға қатысу. Сатып алуды барлық тәсілдермен ұйымдастырады және жүргізеді, тендерлік (аукциондық) құжаттамалардың, сатып алу туралы шарттардың, бұйрықтардың жобаларын әзірлейді, Компанияның ішкі құжаттарына сәйкес ЭҚЖ арқылы олардың электрондық келісілуін қамтамасыз етеді. Өз құзыреті шегінде әлеуетті өнім берушілердің ұсынылған өтінімдерін қарауға қатысады, сондай-ақ сатып алу бойынша заңды шешімдер қабылдау мақсатында Компанияның ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес тендерлік (аукциондық) комиссияның құрамына қатысады.
2) Шарттардың орындалу мониторингі. Сатып алу порталы арқылы жасалған шарттардың мониторингі және оларды орындамау бойынша сатып алу бастамашыларын хабардар ету.
3) Порталда Шарттардың орындалуы/өзгертілуі/бұзылуы туралы мәліметтерді енгізу. ІҚ талаптарының орындалуын қамтамасыз ету және орындау есебін қалыптастыру мақсатында Компанияның бухгалтерлік есеп жөніндегі бағдарламалық қамтамасыз ету деректері негізінде сатып алу порталында жасалған шарттардың орындалуы/өзгеруі/бұзылуы туралы мәліметтерді енгізеді.
4) Құжаттарды архивке беру. Бөлімшеде іс қағаздарын жүргізеді, Компанияның сатып алу жөніндегі құжаттарын, оның ішінде тендерлік (аукциондық) құжаттамаларды, өтінімдерді, шарттарды, бұйрықтардың көшірмелерін және т.б. Компанияның ішкі құжаттарында белгіленген мерзімдерге сәйкес құжаттарды Компания мұрағатына беру үшін қалыптастырады.