Вакансия Банкир ассистенті Jobs.baiterek.gov.kz

Бос жұмыс орындары

Банкир ассистенті "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ

Вакансия ашық
  • Құрылған күні: 23.07.2026
  • Қаралымдар: 11
  • Жауаптар: 1

Вакансия туралы

Лауазымдық міндеттері:

  1. Контрагенттер ұсынған құжаттар топтамасының кредиттік өтінімді қараудың әртүрлі кезеңдерінде Банктің талаптарына сәйкестігін тексеру.
  2. Жоба бойынша деректерді енгізу және құжаттарды Банктің ақпараттық жүйесіне жүктеу.
  3. Банктің құрылымдық бөлімшелерінен алынған қорытындыларды/ескертулерді талдау және кредиттік өтінімді қараудың әртүрлі кезеңдерінде Жоба бойынша жиынтық қорытындыларды, қысқаша ақпараттық анықтамаларды және Жоба паспортын дайындау.
  4. Контрагенттерге Банктің уәкілетті органдары қабылдаған шешімдер, қажетті құжаттарды ұсыну және өзге де мәселелер бойынша хаттарды жолдау.
  5. Кредиттік құралды ұсыну туралы шарттардың, қамтамасыз ету шарттарының және өзге де келісімдердің үлгілік нұсқаларына келіспеушіліктер хаттамасын дайындау.
  6. Өтініш беруші/қарыз алушы ұсынған құжаттар топтамасының Банктің талаптарына сәйкестігін барлық кезеңдерде талдау және тексеру, тексеру нәтижелері және «стоп-факторлардың» болуы туралы тиісті тұлғаларды (қажет болған жағдайда) хабардар ету.
  7. Өтініш берушіден/қарыз алушыдан алынған құжаттар топтамасын Банктің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне жолдау.
  8. Жоба бойынша сканерленген құжаттардың жүйеде болуын қамтамасыз ету, өтініш беруші/қарыз алушы ұсынған құжаттардың түпнұсқаларын олардың сканерленген көшірмелерімен салыстыру.
  9. Контрагенттердің қаржылық есептілікті, Жобаны іске асыру жоспарын және кредиттік досьені жүргізу қағидаларында көзделген өзге де қажетті құжаттарды уақтылы ұсынуын бақылау.
  10. Клиенттермен жұмыс дирекциясының құзыретіне қатысты келіп түсетін хат-хабарларды қарау және оларға жауаптар дайындау.
  11. Контрагенттермен кездесулерді ұйымдастыру.
  12. Кредиттік менеджердің, басшының және бөлімшеге жетекшілік ететін Басқарушы директордың тапсырмаларына сәйкес өзге де функцияларды орындау.

Лауазымдық міндеттерді орындауға қажетті дағдылар:

  1. Windows операциялық жүйесін және MS Office бағдарламаларын (Excel, Word, PowerPoint) сенімді деңгейде меңгеру.
  2. Келіп түсетін құжаттар мен ақпаратты жинақтау, жүйелеу және талдау дағдылары.
  3. Сауатты ауызша және жазбаша сөйлеу.
Дағдылар
Administrative Work
Қажетті жұмыс тәжірибесі
Тәжірибе қажет емес

Конкурс мәртебесі

  • Отказано 0
  • В обработке 1
  • Рассмотрение 0
  • Собеседование 0
  • Тестирование 0
  • Отбор 0
  • Принят 0

Кіру