Заңды тұлғаларға берілген кредиттік желілер мен қарыздар бойынша кредиттік операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу, оның ішінде цессия шарттары бойынша берешекті есепке алу, сыйақыларды, комиссияларды және тұрақсыздық айыптарын есептеу, провизияларды қалыптастыру және құнсыздану сатылары бойынша есеп жүргізу (оның ішінде POCI, ЭПС).
Негізгі борышты, сыйақылар мен комиссияларды өтеу кестелерін бақылау, мерзімі өткен берешекті, кредиттік желілер лимиттерін және «Колвир» АБИС-тің «Кредиттер» модуліндегі ақша қаражаттарының қозғалысын есепке алу.
Шоттардың дұрыс ашылуын және кредиттік шарттардың параметрлерін, бухгалтерлік регистрлердің аналитикалық деректерге сәйкестігін бақылау.
Банктік қарыз шарттарын, кепілдіктер мен қамтамасыз етулерді (кепілдер және т.б.), сондай-ақ оларға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды есепке алу.
Кредиттік бөлімшелермен, оның ішінде баланстан тыс және аналитикалық шоттар бойынша тұрақты түрде салыстырулар жүргізу.
Басшылыққа, уәкілетті органдарға, аудиторларға және клиенттерге (оның ішінде қайта құрылымдау сатысындағы жобалар бойынша) анықтамалар, тарқатулар, салыстыру актілері мен түсіндірмелер дайындау.
«Колвир» АБИС модульдерін енгізуге және жетілдіруге қатысу, функционал мен есептілікті жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеуге және сараптауға, түгендеулерге қатысу, сондай-ақ қызмет бағыты бойынша тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау.
Жоғары экономикалық білім.
Кәсіби бухгалтер сертификатының болуы құпталады; бухгалтерлік есеп және салық салу саласындағы заңнама мен нормативтік құқықтық актілерді, ҚЕХС-ты (МСФО), сондай-ақ қызмет бағыты бойынша бизнес-процестер құрылымын білу.
Кредиттік бөлімшелердің және қаржы институттарымен жұмыс істейтін бөлімшелердің операциялары бойынша бухгалтерлік есеп жүргізу тәжірибесі; Банктің ішкі нормативтік актілерін, шарттарын және қызметтік құжаттарын талдау, әзірлеу және сараптау дағдылары.
Кәсіби саладағы жұмыс өтілі кемінде 4 жыл, бейініне сәйкес экономикалық қызмет түрі бойынша кемінде 3 жыл (Холдинг компаниялары тобы мен/немесе мемлекеттік басқару органдарында жұмыс тәжірибесі құпталады).
Мемлекеттік тілді еркін меңгеру, ағылшын тілін орта деңгейде білу.
Нәтижеге бағдарлану, іске адалдық, үнемді ойлау (Lean), бастамашылдық және инновациялық көзқарас.
Дербес компьютерді және кеңселік бағдарламаларды (Word, Excel, PowerPoint) сенімді меңгеру, АБИС және Lotus жүйелерінде жұмыс тәжірибесі.