Вакансия Jobs.baiterek.gov.kz

Бос жұмыс орындары

"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ

Вакансия ашық
  • Құрылған күні: 13.07.2026
  • Қаралымдар: 225
  • Жауаптар: 22

Вакансия туралы

Лауазымдық міндеттері:

  1. Ішкі аудит қызметінің (бұдан әрі – ІАҚ) қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру;

  2. Банктің ішкі актілеріне сәйкес ІАҚ жұмысының ұйымдастырылуын, сондай-ақ ІАҚ-қа жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуын қамтамасыз ету;

  3. ІАҚ мақсаттарына қол жеткізу үшін оның құзыретінің, міндеттері мен функцияларының өзектілігіне мерзімді бағалау жүргізу;

  4. Ішкі аудиторларды іріктеу, жұмысқа қабылдау, оқыту және олардың тиісті кәсіби құзыреттерін дамытуға жәрдем көрсету арқылы ІАҚ-тың тиімді қызметі мен оны басқаруды қамтамасыз ету;

  5. Ішкі аудит және (немесе) ІАҚ қызметі мәселелері бойынша Банктің ішкі актілерін әзірлеуді, сондай-ақ оларды мерзімді түрде талдауды және өзектендіруді қамтамасыз ету;

  6. Банктің Директорлар кеңесі бекіткен ішкі аудит қағидаттары мен рәсімдерінің ІАҚ қызметінде қолданылуын қамтамасыз ету;

  7. ІАҚ қызметіне тән тәуекелдерді бағалау және оларды басқару;

  8. ІАҚ қызметкерлерінің Кәсіптік практиканың халықаралық негіздерінің (МОПП) міндетті элементтерін сақтауын қамтамасыз ету;

  9. Белгіленген тәртіпке сәйкес ІАҚ қызметін жоспарлау және ІАҚ стратегиясы мен жылдық аудит жоспарының (ҒАП) орындалуын бақылау;

  10. Құпиялылықты сақтау, ақпаратты қорғау және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің, саясаттар мен рәсімдердің талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;

  11. ІАҚ туралы ережеге, Ішкі аудиттің халықаралық стандарттарына және Банктің өзге де ішкі актілеріне сәйкес жоспарлы және жоспардан тыс аудит тапсырмаларын ұйымдастыруға, жүргізуге қатысу және олардың орындалуын бақылау;

  12. Аудит тапсырмаларын орындауға қатысатын және олардың орындалуына жауапты ІАҚ қызметкерлерінің құрамын және жұмыстар көлемін айқындау;

  13. Аудит бағдарламаларын әзірлеуді қамтамасыз ету және оларды бекіту;

  14. Аудиторлық байқаулардың тиісінше құжатталуын, аудит тапсырмаларының қорытындылары бойынша қорытындылардың рәсімделуі мен қалыптастырылуын, аудит барысында анықталған барлық фактілер мен кемшіліктердің көрсетілуін, сондай-ақ негізделген ұсынымдардың әзірленуін бақылау;

  15. Банктің қызметінің барлық бағыттары бойынша ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару жүйелерінің тиімділігіне бағалау жүргізу.

  16. Аудит тапсырмаларын ұйымдастыруға, жүргізуге және олардың нәтижелеріне қатысты мәселелер бойынша Банктің және оның еншілес ұйымдарының (болған жағдайда) құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен және атқарушы органымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

  17. Банктің қаржылық есептілігіне жүргізілген сыртқы аудит нәтижелері бойынша сыртқы аудиторлардың есептерін, ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару, корпоративтік басқару және ішкі аудит мәселелері жөніндегі консультанттардың, сондай-ақ Банктің қызметіне қатысты уәкілетті (қадағалау) мемлекеттік органдардың есептерін қарауға қатысу;

  18. ІАҚ ұсынымдарының және сыртқы аудитордың, уәкілетті (қадағалау) мемлекеттік органдардың, ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару жүйелерін бағалау мәселелері жөніндегі консультанттардың қорытындылары бойынша Банктің уәкілетті органдары бекіткен іс-шаралар жоспарларының орындалуына мониторинг жүргізу және олардың орындалуын растау, сондай-ақ қажет болған жағдайда өзге де ұсынымдардың орындалуын бақылау;

  19. Ішкі және сыртқы бағалау нәтижелерін қоса алғанда, Аудит комитетіне және Банктің Директорлар кеңесіне есептер мен өзге де ақпараттың ұсынылуын қамтамасыз ету;

  20. Мүдделер қақтығысының туындауына жол бермеу, сондай-ақ жұмыс тәжірибесімен алмасуды қамтамасыз ету мақсатында қажет болған жағдайда ІАҚ қызметкерлерінің функционалдық міндеттеріне ротация жүргізу;

  21. ІАҚ қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру жөніндегі шараларды қабылдау;

  22. ІАҚ қызметінің сапасына ішкі және сыртқы бағалау жүргізілуін қамтамасыз ету;

  23. ІАҚ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Аудит комитетінің мүшелерімен, Директорлар кеңесімен және сыртқы аудиторлармен консультациялар мен талқылаулар өткізуге бастамашылық жасау, сондай-ақ Директорлар кеңесінің және (немесе) Аудит комитетінің отырысын шақыруға бастамашылық ету;

  24. Ішкі аудит, ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару процестерін жетілдіру мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету, бұл ретте ұсынылған консультациялық қызметтердің негізінде қабылданған басқарушылық шешімдер үшін ІАҚ-қа жауапкершілік жүктелуіне жол бермеу;

  25. Аудит комитетіне және Директорлар кеңесіне ІАҚ қызметкерлерінің штат санын, өкілеттік мерзімін, тағайындалуын және ауыстырылуын, олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуды, ІАҚ жұмысының шарттары мен тәртібін, еңбекке ақы төлеу, сыйлықақы беру және өтемақы төлеу шарттары мен мөлшерлерін, сондай-ақ ІАҚ-ты ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;

  26. ІАҚ құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың хаттары мен өзге де өтініштерін қарауды және олар бойынша тиісті түсіндірмелердің дайындалуын қамтамасыз ету;

  27. Қызметтік тергеп-тексерулерге қатысу, сондай-ақ ІАҚ туралы ережеде белгіленген тәртіппен арнайы тексерулер жүргізу;

  28. Жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізу мәселелерін талқылауға және осыған байланысты Банктің қосымша тәуекелдерін бағалауға қатысу;

  29. Ішкі аудит, тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару мәселелері бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу;

  30. Қазақстан Республикасының заңнамалық, реттеуші және талдамалық құжаттарын, Кәсіптік практиканың халықаралық негіздеріндегі (МОПП), қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарындағы өзгерістерді зерделеу және Банктің ішкі рәсімдері мен актілеріне тиісті өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу;

  31. ІАҚ құзыретіне кіретін барлық мәселелер бойынша шешімдер қабылдау, сондай-ақ Банктің Аудит комитеті және (немесе) Директорлар кеңесі ІАҚ-қа жүктеген өзге де міндеттерді орындау.

Біліктілік талаптары:

  1. мынадай бағыттардың бірі бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы: қаржы және (немесе) экономика, және (немесе) бухгалтерлік есеп пен аудит, және (немесе) құқық, және (немесе) менеджмент, және (немесе) ақпараттық технологиялар/ақпараттық қауіпсіздік;

  2. аудит және (немесе) ішкі аудит, және (немесе) бақылау, және (немесе) қаржы саласында кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесінің болуы, оның ішінде Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік сектор субъектілері болып табылатын ұйымдарда және (немесе) қаржы ұйымдарында не Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

  3. аудит немесе қаржы саласында басшылық лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

  4. Ішкі аудиттің кәсіптік практикасының халықаралық негіздерін (МОПП), Ішкі аудиттің халықаралық стандарттарын және ішкі аудиттің үздік халықаралық практикасын, корпоративтік басқару, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау негіздерін, сондай-ақ Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын жан-жақты білуі және түсінуі;

  5. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, оның ішінде аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп, салық салу, акционерлік қоғамдар, еңбек, мемлекеттік мүлік және қаржы мәселелері бойынша заңнаманы білуі;

  6. мемлекеттік тілді білуі, ағылшын тілін меңгергені құпталады;

  7. Ішкі аудиторлар институтының мынадай кәсіби сертификаттарының бірінің болуы: CIA (Certified Internal Auditor), CRMA (Certification in Risk Management Assurance) немесе кемінде IAP (Internal Audit Practitioner);

  8. мынадай кәсіби сертификаттардың біреуінің немесе бірнешеуінің болғаны жөн: ACCA (Association of Chartered Certified Accountants), DipIFR (Diploma in International Financial Reporting), CFA (Chartered Financial Analyst), CIPA (Certified International Professional Accountant), CFE (Certified Fraud Examiner), CISA (Certified Information Systems Auditor), CISM (Certified Information Security Manager) немесе халықаралық деңгейде танылған өзге де ұқсас кәсіби сертификат.

ІАҚ басшысы лауазымына тағайындауға жол берілмейді:

  1. соңғы үш жыл ішінде Банктің және (немесе) оның еншілес ұйымының құрылымдық бөлімшесінің басшысы және (немесе) басшы қызметкері болған адам;

  2. экономикалық қызмет саласында жасалған қылмыстар, сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар, сондай-ақ конституциялық құрылыс негіздері мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар үшін заңнамада белгіленген тәртіппен алынбаған немесе өтелмеген соттылығы бар адам.

Дағдылар
Аудит, внутренний контроль
Қажетті жұмыс тәжірибесі
5 жылдан астам
Жұмыс кестесі
Полный день

Конкурс мәртебесі

  • Отказано 1
  • В обработке 3
  • Рассмотрение 15
  • Собеседование 0
  • Тестирование 1
  • Отбор 0
  • Принят 0

Кіру