Вакансия Кредиттік тәуекелдер департаментінің тәуекел-менеджері Jobs.baiterek.gov.kz

Бос жұмыс орындары

Кредиттік тәуекелдер департаментінің тәуекел-менеджері "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ

Вакансия ашық
  • Құрылған күні: 23.05.2026
  • Қаралымдар: 153
  • Жауаптар: 36

Вакансия туралы

Міндеттері:


  • Ерте ескерту жүйесі шеңберінде индикаторларды жаңарту, деректерді шоғырландыру, есептілік дайындау және көрсеткіштер мен ковенанттардың бұзылуы туралы хабарлау

  • Инвестициялық жобалар мен экспорттық операцияларды мониторингтеу жоспар-кестесін қалыптастыру және жаңарту

  • Кредиттік және инвестициялық портфельдер, дебиторлық берешек және құнсыздану белгілері бойынша деректерді жинау мен тексеруді қоса алғанда, провизияларды есептеу процесін үйлестіру

  • LGD, PD, дисконтталған ақша ағындары, сондай-ақ провизиялардың деңгейі мен болжамын ХҚЕС және Банктің ішкі актілеріне сәйкес дұрыс есептеуді қамтамасыз ету

  • Стресс-тестілеу жүргізу және сценарийлердің қарыз алушылардың тәуекел бейініне әсерін бағалау

  • Контрагенттерді топтастырудың дұрыстығын бақылау, лимиттерді мониторингтеу және бұзушылықтар кезінде ұсынымдар әзірлеу

  • Басшылыққа, уәкілетті органдарға және акционерге кредиттік тәуекелдер бойынша есептілікті дайындау және ұсыну, деректер базасын жүргізу

  • Кредиттік тәуекелдерді айқындау және бағалау, ішкі рейтингтерді валидациялау, сондай-ақ проблемалық активтермен жұмыс және мониторинг процестеріне қатысу

  • Қаржыландыру шарттарын өзгерту кезінде және сараптама кезеңінде болжамды провизияларды есептеу

  • Бөлімшенің операциялық тәуекелдерін анықтау және бағалау, оларды азайту бойынша ұсыныстар енгізу

  • Банктің ішкі құжаттарына және басшылықтың тапсырмаларына сәйкес өзге де функцияларды орындау

Талаптар:


  • Экономика, қаржы немесе математика саласында жоғары білім

  • Кредиттік тәуекелдер, провизиялар, инвестициялық немесе қаржылық талдау, не бизнес бағалау саласында кемінде 1 жыл тәжірибе

  • ХҚЕС қағидаттарын және кредиттік тәуекелдерді бағалау әдістерін білу

  • Қаржылық деректермен жұмыс істеу және есептілік дайындау дағдылары

  • Мемлекеттік тілді С1 деңгейінен төмен емес меңгеру
Дағдылар
Adaptable
Қажетті жұмыс тәжірибесі
1 жылдан астам
Жұмыс кестесі
Полный день

Конкурс мәртебесі

  • Отказано 0
  • В обработке 34
  • Рассмотрение 0
  • Собеседование 0
  • Тестирование 1
  • Отбор 0
  • Принят 0

Кіру