Вакансия Киберқауіпсіздік қызметінің бас маманы Jobs.baiterek.gov.kz

Бос жұмыс орындары

Киберқауіпсіздік қызметінің бас маманы "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ

Вакансия ашық
  • Құрылған күні: 17.04.2026
  • Қаралымдар: 124
  • Жауаптар: 14

Вакансия туралы

Талаптар:


  • Жоғары білім.

  • Кәсіби салада немесе сабақтас бағыттарда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі.

  • ISO 27001 стандарты, ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі қағидаттары мен үздік тәжірибелері бойынша білім.

  • Ақпараттық технологиялар, желілік және жүйелік әкімшілендіру саласында базалық білім.

  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері мен желілік инфрақұрылымды әкімшілендіру дағдыларының болуы.

  • Қорғау жүйелерімен (IDS/IPS, DLP, SIEM және т.б.) жұмыс істеу және ақпараттық қауіпсіздік инциденттерін талдау дағдыларының болуы.

Міндеттері:


  1. Ақпараттық қауіпсіздік өнімдерін әкімшілендіру, соның ішінде қорғау жүйелерінің (DLP, SIEM, IDS/IPS, EDR, WAF, NAC, NTA, поштаны қорғау құралдары және т.б.) дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету: баптау, конфигурациялау, сүйемелдеу, техникалық қолдау көрсету, өзектілігі мен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін бақылау.

  2. Ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын тұрақты мониторингтеу: қауіптерді, аномалиялық белсенділікті және рұқсатсыз қол жеткізу әрекеттерін анықтау; бастапқы талдау, жіктеу, құжаттау және инциденттерді регламенттерге сәйкес әрі қарай қарауға жіберу.

  3. Ақпараттық қауіпсіздік бойынша техникалық бақылау құралдарын енгізу, қауіпсіздік саясаттарын қолдану және енгізілген шаралардың дұрыстығын тестілеу; ИҚ талаптарының орындалуын қамтамасыз ету және қорғау тетіктерінің өзектілігін сақтау.

  4. Банк қызметкерлеріне ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес беру: талаптар мен регламенттерді түсіндіру, жүйелерді қауіпсіз пайдалану және қорғау құралдарының жұмысына қатысты техникалық қолдау көрсету.

  5. Корпоративтік және кәсіби талаптарды сақтау: іскерлік әдеп нормалары, ішкі регламенттер мен рәсімдер, сондай-ақ құпиялылық пен ақпаратты қорғау талаптарын қатаң сақтау.
Дағдылар
Accuracy
Adaptable
Қажетті жұмыс тәжірибесі
3 жылдан астам

Конкурс мәртебесі

  • Отказано 1
  • В обработке 8
  • Рассмотрение 3
  • Собеседование 0
  • Тестирование 2
  • Отбор 0
  • Принят 0

Кіру