Вакансия Маркетингтік талдау департаментінің бас менеджері Jobs.baiterek.gov.kz

Бос жұмыс орындары

Маркетингтік талдау департаментінің бас менеджері "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ

Вакансия ашық
  • Құрылған күні: 20.02.2026
  • Қаралымдар: 543
  • Жауаптар: 31

Вакансия туралы

Еңбек міндеттері:

  1. Жобаларға      сараптамалық-талдамалық қолдау көрсету:

       • Өндірістің шикізаттық қамтамасыз етілуін және логистикалық тұрақтылығын
       талдау;

       • Жобалардың нарықтық әлеуетін және бәсекелестік позициялардың
       тұрақтылығын бағалау;

       • Жобалық тәуекелдерді (маркетингтік және өндірістік) анықтау және оларды
       митигациялау;

       • Жобалардың әлеуметтік стандарттарға және ESG қағидаттарына сәйкестігін
       тексеру;

       • Мүдделі тараптар алдында сараптамалық қорытындыларды дайындау және
       қорғау.
  2. Талдау-зерттеу      жұмысы:

       • Тауар нарықтары мен инфрақұрылымның конъюнктурасы бойынша тақырыптық
       зерттеулер; жобалардың салалық және өңірлік дамуға қосқан үлесі; салалар
       мен аумақтар деңгейінде өсімді ынталандыру шаралары;

       • Нарықтық және статистикалық деректердің ірі массивтерін өңдеу және
       талдау;

       • Презентациялар, ақпараттық анықтамалар, есептер және талдамалық
       материалдар дайындау.
  3. Өзара      іс-қимыл және әдіснама:

       • Салалық сарапшылармен, ҒЗО және салалық ұйымдармен ынтымақтастық;

       • Арнайы ақпараттық ресурстарға қол жеткізу үшін сатып алуды ұйымдастыру;

       • Талдау қызметін стандарттау үшін әдістемелер мен нормативтерді әзірлеу.

Үміткерге қойылатын талаптар:
• Жоғары экономикалық білім (экономика, қаржы, математика, жобалық қаржыландыру), шетелде алынғаны құпталады; магистр немесе PhD дәрежесі — артықшылық;
• Кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі (өндірістік компанияда маркетинг-талдаушы, санаттық менеджмент, нарықтық ауқымды кеңейту бойынша аналитика дайындау және бастамаларды іске асыру, тауар нарықтарын зерттеу);
• Нарықтардың даму перспективалары бойынша аяқталған зерттеулердің болуы;
• Ағылшын тілі — кемінде Upper-Intermediate деңгейінде;
• Excel, STATA (немесе ұқсас бағдарламалар), PowerPoint, ақпараттық жүйелермен жоғары деңгейде жұмыс істей білу;
• Эконометрика және статистикалық талдау әдістерін білуі — құпталады.

Дағдылар
English
Powerpoint
Қажетті жұмыс тәжірибесі
3 жылдан астам
Жұмыс кестесі
Полный день

Конкурс мәртебесі

  • Отказано 0
  • В обработке 27
  • Рассмотрение 1
  • Собеседование 0
  • Тестирование 3
  • Отбор 0
  • Принят 0

Кіру