Жоғары білім
Жұмыс өтілі: кемінде 3 жыл (стратегиялық жоспарлау, аналитика, корпоративтік даму, экономикалық талдау немесе ұқсас бағыттарда)
Мемлекеттік тіл: кәсіби деңгей (С1)
Ағылшын тілі: В1 деңгейі
Бағдарламалық қамтамасыз ету: MS Office (Word, Excel, PowerPoint), MS Power BI, электрондық құжат айналымы жүйелері (жоғары деңгей)
Банктің Даму стратегиясын әзірлеу және қажет болған жағдайда түзету бойынша шаралар қабылдау; Стратегия жобасын Жалғыз акционермен келісу және Директорлар кеңесінде бекіту процесін ұйымдастыру.
Банктің Даму стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (Банк даму жоспарының 4-нысаны) қалыптастыру және оның орындалуын мониторингтеу.
Стратегияны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын жүйелі түрде бақылау және талдау.
Банктің Жылдық есебін қалыптастыру, оның жобасын Жалғыз акционермен келісу және Директорлар кеңесінде бекіту жұмыстарын ұйымдастыру.
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның ESG қағидаттарын енгізу жөніндегі Жол картасын әзірлеу, келісу, түзету және оның орындалуын бақылау.
Аналитикалық зерттеулер мен есептерді дайындау.
Мемлекеттік органдар, халықаралық рейтингтік агенттіктер, аудиторлық ұйымдар және басқа да ұйымдармен Департамент құзыретіне қатысты мәселелер бойынша өзара әрекеттесу және келіссөздерге қатысу.