Жоғары білім
Жұмыс тәжірибесі: стратегиялық жоспарлау, талдау, корпоративтік даму, экономикалық талдау немесе сабақтас салаларда кемінде 3 жыл.
Мемлекеттік тілді білуі: кәсіби деңгейде (С1).
Ағылшын тілін білуі: В1 деңгейі.
Бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеу дағдылары: MS Office (Word, Excel, PowerPoint), MS Power BI және электрондық құжат айналымы жүйелерін жоғары деңгейде меңгеру.
Банктің Даму стратегиясын әзірлеу және қажет болған жағдайда түзету, Стратегия жобасын Жалғыз акционермен келісу процесін ұйымдастыру және оны Директорлар кеңесінде бекіту.
Банктің Даму стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (Банктің даму жоспарының 4-нысаны) қалыптастыру және Стратегияның орындалуына мониторинг жүргізу.
Банктің Даму стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуына мониторинг жүргізу.
Банктің жылдық есебін қалыптастыру, есеп жобасын Жалғыз акционермен келісу процесін ұйымдастыру және оны Директорлар кеңесінде бекіту.
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның ESG қағидаттарын енгізу жөніндегі Жол картасын әзірлеу, келісу, түзету және оның орындалуына мониторинг жүргізу.
Талдамалық зерттеулер мен есептер дайындау.
Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ҚР мемлекеттік органдарымен, халықаралық рейтингтік агенттіктермен, аудиторлық компаниялармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау және келіссөздерге қатысу.