Вакансия Маркетингтік талдау департаментінің жетекші маманы Jobs.baiterek.gov.kz

Бос жұмыс орындары

Маркетингтік талдау департаментінің жетекші маманы "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ

Вакансия ашық
  • Құрылған күні: 13.11.2026
  • Қаралымдар: 28
  • Жауаптар: 4

Вакансия туралы

Қойылатын талаптар:

  1. Экономикалық, техникалық, қаржылық, математикалық немесе гуманитарлық бағыттар бойынша жоғары білім.

  2. Экономикалық (стратегиялық), қаржылық және/немесе салалық талдау, корпоративтік басқару саласында кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

Функционалдық міндеттері:

  1. Бастапқы деректерді жинауды және нысаналы тауар нарықтарын талдауды қоса алғанда, жобалардың маркетингтік (коммерциялық) пысықталуын бағалауды дайындауға қатысу.

  2. Статистикалық және аналитикалық материалдар негізінде тауар нарықтарын дамыту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысу.

  3. Департамент құзыреті шегінде нысаналы тауар нарықтары, шикізат және дайын өнім нарықтары бойынша статистикалық және аналитикалық деректерді іздеу, жинау және талдау, сондай-ақ аналитикалық материалдарды дайындау.

  4. Департаменттің иелігіндегі статистикалық және аналитикалық ақпаратқа Банктің құрылымдық бөлімшелерінің қол жеткізуін қамтамасыз ету, оның ішінде деректер алмасу процестерін сүйемелдеу.

  5. Жобалардың маркетингтік (коммерциялық) пысықталуына тәуелсіз бағалау жүргізу үшін тартылатын сыртқы консультанттардың жұмысын ұйымдастыру және сүйемелдеу.

  6. Ұсынылатын ақпараттың сапасы мен уақтылығын қамтамасыз ете отырып, Департамент құзыреті шегінде Банктің құрылымдық бөлімшелерінің сұрауларына жауаптар дайындау.

  7. Департамент міндеттері шеңберінде презентациялық материалдарды әзірлеу және өзектендіру.

  8. Жобаларды іске асыру кезінде Банктің әлеуметтік стандарттары мен әлеуметтік жауапкершілік талаптарының сақталуын бағалауға қатысу, оның ішінде әлеуметтік тәуекелдер деңгейін, ықтимал теріс салдарларды, сондай-ақ адами және әлеуметтік капиталды дамыту жөніндегі шараларды талдау.

Дағдылар
Adaptable
Қажетті жұмыс тәжірибесі
1 жылдан астам
Жұмыс кестесі
Толық күн

Конкурс мәртебесі

  • Бас тартылды 0
  • Өңделуде 4
  • Қарастырылуда 0
  • Сұхбат 0
  • Тестілеу 0
  • Іріктеу 0
  • Қабылданды 0

Кіру