Талаптар:
«Қаржы» мамандығы немесе сабақтас бағыттар («Экономика», «Бизнес-әкімшілендіру» және т.б.) бойынша жоғары білім.
Кәсіби салада кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
Қаржы ұйымдарында, институттарда және/немесе мемлекеттік басқару органдарында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы (құпталады).
Қазақстан Республикасының банк және қаржы қызметін реттейтін заңнамасын, листинг қағидаларын, сондай-ақ Банктің ішкі нормативтік құжаттарын білу.
MS Office (Word, Excel, PowerPoint) бағдарламаларымен жұмыс істеу дағдылары.
Іскерлік қарым-қатынас орнату, серіктестермен және инвесторлармен өзара іс-қимыл жасау дағдылары.
Мемлекеттік және шет тілдерін меңгеру.
Міндеттер:
Қарыздық бағалы қағаздар шығару, синдикатталған және банкаралық қарыздар тарту және өзге де қарыз алу құралдарын пайдалану арқылы ішкі және сыртқы капитал нарықтарында қаржыландыру тарту жұмыстарын ұйымдастыруға қатысу.
Инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін Банкке қолайлы талаптармен байланысты қаржыландыру көздерін іздестіру.
Байланысты қарыздар бойынша кредиттік келісімдердің талаптарын пысықтау, облигациялар мен еурооблигациялар шығару проспектілерін және мәмілелерге қатысты өзге де құжаттаманы келісу.
ШЫҰ және ЕАЭО банкаралық бірлестіктерінің мүшелерімен өзара іс-қимыл жасау, кездесулер мен іс-шараларды ұйымдастыру, кездесулердің хаттамалары мен тезистерін дайындау.
«Қазақстан қор биржасы» АҚ-мен өзара іс-қимыл жасау, Банктің қызметі туралы ақпаратты Биржаның ақпараттық жүйесінде орналастыру.
Банк басшылығына арналған ақпараттық материалдарды, қорытындылар мен ұсыныстарды, сондай-ақ Холдингтің, мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың сұрауларына жауаптарды дайындау.
Банктің сыртқы нарықтарда тартқан қаржыландыруы бойынша есептерді, хабарламаларды және өтеу кестелерін дайындау.
Тартылған қарыздар мен шығарылған бағалы қағаздар бойынша міндеттемелердің уақтылы орындалуын мониторингтеу.