Вакансия Jobs.baiterek.gov.kz

Бос жұмыс орындары

"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ

Вакансия ашық
  • Құрылған күні: 04.11.2026
  • Қаралымдар: 84
  • Жауаптар: 1

Вакансия туралы

Функционалдық міндеттері:

  • Банктің IT-инфрақұрылымының үздіксіз жұмыс істеуін төмендегі жұмыстарды орындау арқылы қамтамасыз етеді:

 VMware виртуалдандыру жүйесін әкімшілендіру, виртуалды серверлерді құру және конфигурациялау;

 Домен контроллерлерін, Active Directory, Azure, DNS жүйелерін және Банктің пошта серверін әкімшілендіру;

 Жүйелер мен сервистердің жұмысын тұрақты мониторингтеу;

 Деректердің резервтік көшірмесін жасауды ұйымдастыру және оның орындалуын бақылау, сондай-ақ деректерді тестілік қалпына келтіруді жүргізу;

 Серверлік жабдықтар мен деректерді сақтау жүйелерінің бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етілуіне техникалық қолдау көрсету;

 Пайдалану барысында туындайтын инциденттерді жедел жою;

 Docker және Kubernetes құралдарын пайдалана отырып, контейнерлендірілген қосымшаларды әкімшілендіру;

 CI/CD процестерін қолдау, GitLab жүйесін әкімшілендіру, репозиторийлер мен қол жеткізу құқықтарын басқару;

  • Ішкі нормативтік актілер мен техникалық құжаттаманы, оның ішінде техникалық ерекшеліктер мен техникалық тапсырмаларды әзірлейді және өзектендіреді

  • Банктің IT-инфрақұрылымын жетілдірудің ықтимал нұсқалары бойынша ұсыныстар қалыптастырады

  • Жаңа ақпараттық жүйелер мен техникалық шешімдерді енгізу және қолданыстағыларын дамыту жөніндегі жұмыс топтарының жұмысына қатысады;

  • Ақпараттық технологиялар департаментінің құзыреті шегінде департамент директоры мен басқарма басшысының тапсырмаларын орындайды

  • Ақпараттық жүйелердің жұмысында туындауы мүмкін іркілістер туралы Банктің басшылығы мен қызметкерлерін хабардар етеді, сондай-ақ Банктің кез келген лауазымды адамы, қызметкері, Банктің контрагентінің лауазымды адамы, қызметкері немесе өкілі жасаған ықтимал алаяқтық және сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне қатысты күдіктері туралы немесе басқа тұлғалардан алған мәліметтер туралы Комплаенс қызметін міндетті түрде хабардар етеді.

Қажетті дағдылар:

  1. IT-команданы басқару

  2. Сатып алу процестерін әкімшілендіру

  3. Виртуалдандыру жүйелерін әкімшілендіру

  4. Деректерді сақтау жүйелерін әкімшілендіру

  5. Физикалық серверлерді әкімшілендіру

  6. UNIX және Windows серверлерін әкімшілендіру

  7. Git, GitLab, CI/CD құралдарымен жұмыс істеу

  8. Жасанды интеллект құралдарымен жұмыс істеу

Дағдылар
Информационные технологии
Техническая поддержка
Қажетті жұмыс тәжірибесі
5 жылдан астам
Жұмыс кестесі
Полный день

Конкурс мәртебесі

  • Отказано 0
  • В обработке 1
  • Рассмотрение 0
  • Собеседование 0
  • Тестирование 0
  • Отбор 0
  • Принят 0

Кіру