Операциялық департаменттің сениор-менеджері (негізгі қызметкер уақытша болмаған кезеңге)
Бос жұмыс орындары
Операциялық департаменттің сениор-менеджері (негізгі қызметкер уақытша болмаған кезеңге) "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ
Вакансия ашық
Құрылған күні:
27.10.2026
Қаралымдар:
194
Жауаптар:
22
Вакансия туралы
Талаптар
Жоғары экономикалық білім.
Тиісті кәсіби салада кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі болғаны жөн, банк саласындағы тәжірибеге басымдық беріледі.
Қазақстан Республикасының банк қызметі, төлемдер және төлем жүйелері саласындағы заңнамасын, клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу, қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидаларын және бухгалтерлік есеп негіздерін білу.
Банктік, қызметтік және коммерциялық құпияны қорғау талаптарын, сондай-ақ Банктің ішкі нормативтік құжаттарын білу.
Мемлекеттік және ағылшын тілдерін меңгеру.
Іскерлік коммуникация, сыртқы экономикалық келісімшарттармен, банктік құжаттармен және ҚЦМР хабарлама форматтарымен жұмыс істеу дағдылары.
MS Office (Word, Excel, PowerPoint) бағдарламаларын және электрондық құжат айналымы жүйелерін сенімді меңгеру.
Мұқияттылық, жеделдік, міндеттердің басымдығын анықтау және ақпараттың үлкен көлемімен жұмыс істеу қабілеті.
Жеке және іскерлік құзыреттер: үнемді басқару, іске адалдық, нәтижеге бағдарлану, инновацияға бейімділік.
Міндеттері
Банк клиенттерінің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу, шоттар бойынша өкімдерді, оның ішінде инкассалық өкімдерді және операцияларды тоқтата тұру туралы өкімдерді орындау, сондай-ақ банктік шоттардағы ақшаға тыйым салу және тыйымды алып тастау туралы қаулыларды орындау.
Заңды тұлғаларға «Интернет-Банк» жүйесі арқылы қызмет көрсету шарттарын жасасу, АБИС «Колвир» жүйесінде пайдаланушыларды тіркеу және бұғаттау, парольдерін өзгерту.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің операторы болып табылатын төлем жүйесі арқылы хабарламаларды жіберу және қабылдау, төлем жүйелеріне қол жеткізу жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету.
Банктің өкімдері мен клиенттердің нұсқаулары негізінде клиенттердің шоттары бойынша төлемдерді, ақша аударымдарын және валютаны айырбастау операцияларын жүзеге асыру.
МСПД, SWIFT Сервистік бюросы және ФАСТИ қызметтері үшін шот-фактураларды төлеуге арналған өкімдерді дайындау және тиісті қызметтерді көрсету шарттарын жасасу.
Банк клиенттерінің заңды істерін қалыптастыру, жүргізу және сақтау.
Уәкілетті мемлекеттік органдардың, клиенттердің, аудиторлық компаниялардың, жеке сот орындаушыларының және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ сұраулары бойынша банктік шоттар туралы ақпаратты дайындау және ұсыну.
Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Банктің комиссиялары мен жұмыс топтарына қатысу.
Құжаттарды уақтылы дайындау және Банктің архивіне тапсыру.