Вакансия PR-маман (аутстафф) Jobs.baiterek.gov.kz

Бос жұмыс орындары

PR-маман (аутстафф) "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ

Вакансия ашық
  • Құрылған күні: 22.10.2026
  • Қаралымдар: 56
  • Жауаптар: 3

Вакансия туралы

Негізгі міндеттер

  • Баспасөз хабарламаларының, жаңалықтардың, мақалалардың, сұхбаттардың, түсініктемелердің, сөз сөйлеу тезистерінің, анықтамалық және талдамалық материалдардың, әлеуметтік желілерге арналған жазбалардың мәтіндерін дайындау.

  • Банктің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау: ақпараттық материалдарды уақтылы дайындауды, келісуді және жариялауды қамтамасыз ету.

  • Бұқаралық ақпарат құралдарымен (БАҚ) өзара іс-қимыл жасау: журналистердің сұрауларына жауаптар, сұхбаттарға арналған сұрақ-жауаптар (Q&A), түсініктемелерге арналған тезистер дайындау.

  • Ақпараттық күн тәртібіне мониторинг жүргізу және оны талдау, коммуникациялық тәуекелдерді, перспективалы тақырыптар мен ақпараттық себептерді анықтау.

  • Ақпарат іздеу, талдау жүргізу, деректерді құрылымдау, мәтіндерді дайындау және редакциялау үшін жасанды интеллект құралдарын қолдану.

Талаптар

  • Мемлекеттік органдардың немесе квазимемлекеттік ұйымдардың PR-қызметтерінде кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

  • Копирайтинг және редакциялау дағдыларының жоғары деңгейі: сапалы, мазмұнды және стилистикалық тұрғыдан сауатты мәтіндерді өз бетінше жазу, күрделі экономикалық, қаржылық және салалық тақырыптарды түсінікті тілмен жеткізе білу.

  • Аналитикалық ойлау қабілеті: ақпараттың үлкен көлемімен жұмыс істеу, негізгісін анықтау, фактілерді, сандар мен деректерді талдау, дәлелді қорытындылар жасау қабілеті.

  • Жасанды интеллект құралдарымен жұмыс істеу дағдыларының жоғары деңгейі: кәсіби міндеттерді шешу үшін AI құралдарын сенімді пайдалану, промпт-инжиниринг қағидаларын меңгеру, AI көмегімен жасалған контентті тексеру және жетілдіру дағдылары.

  • БАҚ-пен байланыс орнату дағдыларының дамыған болуы: журналистермен, редакциялармен және ақпараттық агенттіктермен өзара іс-қимыл тәжірибесі, БАҚ жұмысының қағидаларын түсіну.

  • Үш тілді меңгеру: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін, оның ішінде іскерлік жазбаша коммуникация дағдыларын меңгеру.

  • Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы коммуникациялардың ерекшеліктерін, корпоративтік рәсімдер мен көп деңгейлі келісу процестерін түсіну.

Негізгі кәсіби қасиеттер

Дербестік, бастамашылдық, жүйелі және сыни ойлау, нәтижеге жауапкершілікпен қарау, жоғары жұмыс қарқыны, жаңа тақырыптарға жылдам бейімделу, әріптестермен өзара іс-қимылды ұйымдастыру және қысқа мерзімдер жағдайында тиімді жұмыс істеу қабілеті.

Дағдылар
Adaptable
Қажетті жұмыс тәжірибесі
3 жылдан астам
Жұмыс кестесі
Полный день

Конкурс мәртебесі

  • Отказано 0
  • В обработке 3
  • Рассмотрение 0
  • Собеседование 0
  • Тестирование 0
  • Отбор 0
  • Принят 0

Кіру