Талаптар:
Жоғары білімнің болуы.
Тиісті салада кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
Ақпараттық материалдарды дайындау үшін зерттеулер жүргізу және деректерді талдау дағдылары.
Ауызша және жазбаша коммуникация дағдылары, келіссөздер жүргізу және әртүрлі мүдделі тараптармен іскерлік қарым-қатынастарды қолдау қабілеті.
Міндеттер:
Басқарма Төрағасының жұмыс кестесін, отырыстарын, жиналыстарын, кеңестерін, іскерлік таңғы астарын және кездесулерін ұйымдастыру, сондай-ақ оның іссапарларын жоспарлау.
Деректерді талдау және тапсырмалардың орындалуы туралы есептерді дайындау, жұмысты жетілдіруге және мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған ақпарат алмасудың тиімділігін қамтамасыз ету.
Қойылған міндеттер шеңберінде Басқарма Төрағасының тапсырмасы бойынша қызметтік құжаттарды дайындау. Өткізілетін іс-шаралар мен баспасөз конференцияларына арналған презентациялар мен материалдарды әзірлеу.
Банктің басқа құрылымдық бөлімшелерімен және сыртқы компаниялармен жұмысты үйлестіру. Келіссөздерге қатысу және Басқарма Төрағасы болмаған кезде келіссөздер жүргізу.
Басқарма Төрағасының қызметіне байланысты іс-шараларды ұйымдастыру және оларға қатысу.
Мұрағатты жүргізу (кіріс хат-хабарларды тұрақты сақтауға мұрағатқа тапсыру үшін қалыптастыру, мұрағаттық істерді түптеу жұмыстарын ұйымдастыру, оның ішінде қызмет көрсетушіні сатып алу рәсімдері арқылы таңдау, шарт жасасу және т.б.).
Банктің құрылымдық бөлімшелерінің құжаттарын аудару.