Вакансия Jobs.baiterek.gov.kz

Бос жұмыс орындары

"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ

Вакансия ашық
  • Құрылған күні: 14.10.2026
  • Қаралымдар: 74
  • Жауаптар: 14

Вакансия туралы

Функционалдық міндеттері:

  1. кредиттік жобаларды құқықтық сүйемелдеу шеңберінде ескертулер мен оларды жою және құқықтық тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі ұсынымдарды көрсете отырып, құқықтық қорытындыларды әзірлейді;

  2. Департаментке келісуге жолданған құжаттарға (келісімдерге, шарттарға, хаттарға, қызметтік хаттарға, есептерге, баяндамаларға және т.б.) бұрыштама қояды және Департаментке жолданған құжаттарды, сондай-ақ өзіне тапсырылған құжаттарды қарау және бұрыштама қою үшін, оның ішінде оларды қарау мерзімдерінің сақталуына жауапты болады;

  3. Банктің кредиттік қызметін құқықтық сүйемелдеу шеңберінде құқықтық мәселелерді шешу мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен өзге де ұйымдарының өкілдерімен келіссөздерге қатысады;

  4. кредиттік блокпен бірлесіп, мәмілелердің құрылымын және/немесе қаржыландыру шарттарын талқылау кезінде клиенттермен кездесулерге қатысады;

  5. Департаменттің қызметіне қатысты мәселелер бойынша жұмыс кеңестеріне және жұмыс топтарына қатысады;

  6. шетелдік заңнаманы түсіндіруді талап ететін мәселелер бойынша Банктің кредиттік қызметін құқықтық сүйемелдеу шеңберінде құқықтық мәселелерді шешу мақсатында сыртқы консультанттарға арналған техникалық тапсырмаларды дайындайды; сыртқы консультанттардың қорытындыларының техникалық тапсырмаға сәйкестігіне тексеру жүргізеді;

  7. Департаменттің құзыретіне жататын кредиттік қызмет мәселелерін реттейтін Банктің ішкі нормативтік актілерінің жобаларын келісуге қатысады;

  8. Департамент қызметінің негізгі көрсеткіштерінің орындалуын бақылайды.

Білімге қойылатын талаптар (деңгейі, бейіні және т.б.): Жоғары заң білімі.

Лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін кәсіби салада немесе салаларда: кемінде 3 жыл.

Дағдылар
Analytical skills
Microsoft office
Қажетті жұмыс тәжірибесі
3 жылдан астам
Жұмыс кестесі
Полный день

Конкурс мәртебесі

  • Отказано 0
  • В обработке 14
  • Рассмотрение 0
  • Собеседование 0
  • Тестирование 0
  • Отбор 0
  • Принят 0

Кіру