Вакансия туралы
Біліктілік талаптары:
Жоғары экономикалық, қаржылық немесе заңгерлік білім;
Кәсіби салада кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі, корпоративтік кредиттеуде жұмыс тәжірибесі құпталады;
Экономикалық/қаржылық қызмет саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі, екінші деңгейдегі банктерде және корпоративтік кредиттеу саласында жұмыс тәжірибесі құпталады.
Қажетті білім:
Қазақстан Республикасының банк және қаржы қызметі саласындағы заңнамасы;
Инвестициялық жобалар мен экспорттық операцияларды, банкаралық кредиттеуді, синдикатталған қарыздарды қаржыландыру негіздері;
Банктің кредиттік қызмет саласындағы ішкі нормативтік құжаттары.
Қажетті дағдылар:
Іскерлік коммуникация және іскерлік хат алмасу дағдылары;
Үлкен көлемдегі ақпаратты жинау, жүйелеу және талдау;
Негізделген қорытындылар мен сараптамалық тұжырымдар дайындау;
Сыни ойлау және ақпаратты объективті бағалау;
Мұқияттылық, дәлдік, өзін-өзі ұйымдастыру және стресске төзімділік;
MS Office (Excel, Word, PowerPoint) бағдарламаларын сенімді меңгеру;
Қазақ және ағылшын тілдерін білуі құпталады.
Негізгі функционалдық міндеттер:
Кредиттік жобалар шеңберінде шарттарды дайындау, келісу және ресімдеу;
Қаржыландыру құралдарын банктік ақпараттық жүйелерде техникалық сүйемелдеу;
Қарыз алушылардың/контрагенттердің қаржылық және қаржылық емес міндеттемелерін мониторингтеу;
Кредиттік досьелердің мониторингі мен сақталуын қамтамасыз ету;
Мерзімі өткен шешімдер және қаржыландырудың ерекше талаптары бойынша ақпарат дайындау;
Кредиттік бюролармен өзара әрекеттесу;
Кредиттік әкімшілендіру процестерін оңтайландыруға және автоматтандыруға қатысу;
Ішкі және сыртқы тексеруші органдармен өзара әрекеттесу.