Вакансия Кредиттік талдау және мәмілелерді құрылымдау департаментінің бас менеджері Jobs.baiterek.gov.kz

Бос жұмыс орындары

Кредиттік талдау және мәмілелерді құрылымдау департаментінің бас менеджері "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ

Вакансия ашық
  • Құрылған күні: 14.08.2026
  • Қаралымдар: 27
  • Жауаптар: 4

Вакансия туралы

Біліктілік талаптары
  • Экономика және қаржы саласында жоғары білім;

  • Кәсіби салада кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;

  • Ұйым қызметінің бейініне сәйкес экономикалық қызмет саласында кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі;

  • Халықаралық аккредиттеуден өткен бағдарлама бойынша MBA дәрежесінің немесе экономика және қаржы саласындағы қосымша білімнің болуы құпталады;

  • Қаржы саласындағы халықаралық сертификаттардың (ACCA, CPA, CMA, CIMA, CFA және т.б.) болуы құпталады.

Қажетті білім
  • Бухгалтерлік есеп, салық салу, ҚЕХС негіздері;

  • Қаржы-шаруашылық қызметті және жобаларды талдау негіздері;

  • Қазақстан Республикасының банк және қаржы қызметі, азаматтық заңнама саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;

  • Банктің ішкі нормативтік құжаттары.

Қажетті дағдылар
  • Аналитикалық ойлау және ақпараттың үлкен көлемімен жұмыс істеу;

  • Ақпаратты жинау, жүйелеу және талдау;

  • Қаржылық модельдеу;

  • Сараптама жүргізу және тәуекелдерді бағалау;

  • Мәмілелерді құрылымдау;

  • Ақпаратты нақты ұсыну және презентация жасау дағдылары;

  • MS Office (Word, Excel, PowerPoint) және электрондық құжат айналымы жүйесін сенімді меңгеру;

  • Ағылшын және мемлекеттік тілдерді білуі құпталады.

Негізгі функционалдық міндеттер
  • Жобалар бойынша бизнес-ұсыныс, индикативтік талдау және банктік сараптама кезеңдерінде кредиттік талдау жүргізу және мәмілелерді құрылымдау;

  • Қарыз алушылардың, кепілгерлердің және контрагенттердің қызметіне ағымдағы қаржылық мониторинг жүргізу, алаңдататын белгілерді, тәуекелдерді және жобаларды іске асыру жоспарларынан ауытқуларды анықтау;

  • Контрагенттер мен кепілгерлердің қаржылық есептілігін талдау, оның ішінде бұрын ұсынылған есептіліктен елеулі ауытқуларды тексеру;

  • Қаржыландыру шарттарын өзгерту туралы контрагенттердің өтініштерін талдау және тиісті қорытындыларды дайындау;

  • Қаржы активтерінің құнсыздануынан болатын залалды есептеу және резервтерді қалыптастыру үшін кредиттік құралдар бойынша құнсызданудың объективті белгілерін айқындау;

  • SPPI-тестінен өтпеген кредиттік портфель мен дебиторлық берешектің әділ құны бойынша болжамды бағалауларды дайындау;

  • Банктің ішкі құрылымдық бөлімшелері мен басшылығының сұраулары бойынша өз құзыреті шеңберінде ақпарат дайындау;

  • Ішкі құжаттарды, кредиттік құралдар мен инвестициялық кредиттеу бағдарламаларын әзірлеуге және жетілдіруге қатысу.

Дағдылар
Accuracy
Қажетті жұмыс тәжірибесі
3 жылдан астам
Жұмыс кестесі
Полный день

Конкурс мәртебесі

  • Отказано 0
  • В обработке 4
  • Рассмотрение 0
  • Собеседование 0
  • Тестирование 0
  • Отбор 0
  • Принят 0

Кіру