Бос лауазымның атауы: «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның тәуелсіз директоры
Компанияның атауы: «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Директорлар кеңесі (бұдан әрі – Қоғам)
1. Тәуелсіз директорға қойылатын жалпы талаптар
1.1. Директорлар кеңесіне тәуелсіз директор болып сайлануға кандидат:
1.1.1. Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес тәуелсіз директордың анықтамасына сәйкес келуге тиіс.
1.1.2. Қызметінің көлемі мен сипаты ұқсас Қоғамға тән негізгі мәселелер бойынша жалпы ақпаратты меңгеруге, ұқсас салада/секторда халықаралық тәжірибеге және кандидатурасы ұсынылғанға дейінгі кемінде 2 (екі) жыл кәсіби тәжірибеге ие болуға, сондай-ақ төмендегілерді түсінетінін көрсетуге тиіс:
1.1.3. Корпоративтік басқару және тұрақты даму қағидаттарын білуге тиіс.
1.1.4. Іскерлік және/немесе салалық ортада мінсіз беделге/оң жетістіктерге ие болуға тиіс. Кандидаттың өмірбаянында экономикалық қызмет саласында қылмыс жасағаны, сондай-ақ кәсіпкерлік қызмет саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы фактілер болмауға тиіс.
1.1.5. Директорлар кеңесінің жұмысына тек Директорлар кеңесінің отырыстары кезінде ғана емес, сонымен қатар Директорлар кеңесінің отырыстарына арналған материалдарды тиісті түрде зерделеу үшін де жеткілікті уақыт бөлуге тиіс.
1.1.6. Бір мезгілде төрт және одан да көп заңды тұлғаның Директорлар кеңесінің мүшесі болмауға тиіс.
1.1.7. Соңғы үш жыл ішінде Қоғамның аффилиирленген тұлғасы, сондай-ақ Қоғамның аффилиирленген тұлғаларына қатысты аффилиирленген тұлға болмауға және олардың лауазымды тұлғалары – аффилиирленген тұлғаларымен бағыныстылық қатынастарда болмауға тиіс; соңғы үш жыл ішінде Қоғамның аудиторы болмауға тиіс.
1.1.8. Жыл сайын өзінің тәуелсіздігін растау рәсімінен өтуге және тәуелсіз директор мәртебесінен айырылған жағдайда Қоғамды хабардар етуге тиіс.
2. Арнайы талаптар
2.1. Қаржы, аудит және бақылау саласындағы мамандар болып табылатын тәуелсіз директор лауазымына кандидаттарға қойылатын арнайы талаптар
2.1.1. Экономика және/немесе қаржы саласында жоғары білімінің, сондай-ақ қаржылық менеджмент/қаржылық талдау/бухгалтерлік есеп/салық салу/аудит/тәуекелдерді басқару саласында қосымша білімі/кәсіби сертификатының болуы.
2.1.2. Мамандығы бойынша кемінде 7 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
2.1.3. Қаржы ұйымдарында/холдингтік құрылымдарда/мемлекеттік органдарда/халықаралық қаржы ұйымдарында/қаржылық қызметтерді реттеу саласында басқару органдарында немесе атқарушы органдарда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің және/немесе қаржылық аудит/комплаенс-менеджмент қызметтерін көрсету жөніндегі ұйымдарда басқару органында/атқарушы органда жұмыс тәжірибесінің/басшы/серіктес ретінде тәжірибесінің болуы.
3. Міндеттерді орындауға қажетті жеке және іскерлік құзыреттер
4. Жұмыс шарттары
Жұмысқа қабылдау нысаны: шарт бойынша
5. Директорлар кеңесінің құрамына кандидаттарды іріктеу кезінде мынадай факторлар ескеріледі:
6. Директорлар кеңесіне мына тұлға сайлана алмайды:
Сондай-ақ ішкі аудит қызметінің, комплаенс қызметінің қызметкерлері және Корпоративтік хатшы Директорлар кеңесінің мүшелері бола алмайды.
Атқарушы органның басшысын қоспағанда, атқарушы органның мүшелері Директорлар кеңесіне сайлана алмайды. Атқарушы органның басшысы Қоғамның Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайлана алмайды.
Тәуелсіз директор лауазымына конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттар электрондық поштасына мына құжаттарды жібереді:
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 27 тамызды қоса алғанда.