Компания «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» акционерлік қоғамы Jobs.baiterek.gov.kz

Компания туралы

«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» акционерлік қоғамы

«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» акционерлік қоғамы

Лайықты үміткердің портреті

Біз қызметкерлерімізді бағалаймыз және ішкі ресурстарды дамытуға барлық талпыныстарды жасаймыз, сондықтан сыртқы үміткерлерді іздестіру туралы хабарландырулар ішкі үміткерлер, оның ішінде Бірыңғай кадрлық резервте болмаған жағдайда, орналастырылады. Сыртқы үміткерлердің арасында біз "Бәйтерек" холдингінің ұжымдық мәдениетіне өмірлік ұстанымы, көзқарастары мен қағидаттары сәйкес келетіндерді іздейміз. Сәйкестікті алдын ала анықтау үшін Холдингтің Іскерлік этика кодексімен келесі сілтеме бойынша танысуға кеңес береміз: Іскерлік этика кодексі.pdf

Сондай-ақ бізге келесі дамыған жеке-іскерлік құзыреттері бар үміткерлер қажет:

  • Коммуникация және көшбасшылық
  • Талдап ойлау және шешім қабылдау
  • Жұмыс процестеріне әсер ету
  • Жұмысты ұйымдастыра білу
  • Өзгере білу қабілеті
  • Топпен жұмыс істей білу
  • Жауапкершілік
  • Даму

Сондай-ақ келесі нормативтік құжаттармен жұмыс істей білу білімі мен ептілігі:

  • «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңы;
  • «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы;

Сіз түйіндемені қандай құрылымдық бөлімшеге беретініңізге байланысты, Сізді жоғарыда аталғандарға қосымша нормативтік-құқықтық құжаттар мен кейбір теориялық пәндердің негіздерін білуіңізді тексереді. Тесттік бағыттардың матрицасымен толығырақ танысу үшін матрицаны жүктеуді (17.31 Кб) ұсынамыз.

Сонымен қатар, Сіз міндетті түрде логикаға тестілеуден өтесіз. Сілтеме бойынша тест сұрақтарының демо-нұсқасын зерттеуге болады - сынақ сұрақтарын жүктеңіз (16.39 кб).


«Бәйтерек» холдингіндегі бос орындар

Холдингтің бос орындары

Егер Холдингте жұмыс істеу үшін лайықты үміткердің портретін зерделеп, Сіз "Бәйтерек" холдингі командасының бір бөлігі болғыңыз келсе, онда біз Сізге Холдингтің және оның еншілес ұйымдарының бос орындары туралы хабарлама алу үшін @JobsatBaiterek телеграм-арнасына жазылуды ұсынамыз. Бос орындар туралы хабарландырулар Холдингтің сайтында да жарияланады.

Бос орындар тізімі


"Бәйтерек" холдингінің кәсіпқойлар командасындағы жұмыс дегеніміз - бұл:

  • Өз саласының өршіл кәсіпқойларының талаптарына жауап беретін құрылымы жағынан күрделі және қызықты міндеттер.
  • Өңірде экономикалық өсу деңгейін арттыруға бағытталған инновациялық жобалар;
  • Өз қызметі кәсіпқойларының жоғары бәсекеге қабілетті ортасы;
  • Сіздің кәсіби және жеке әлеуетіңізді тұрақты дамыту және оқыту;
  • Сіздің кураторларыңыз бен тәлімгерлеріңіз болатын жоғары кәсіби басқарушы құрамы;
  • Бизнес-таңғы ас, зияткерлік ойындар, дөңгелек үстелдер, құзыреттілік орталықтары және т. б. сияқты форматта әріптестерімен тұрақты кездесулер;
  • Ақырында, әділ және таза еңбек ақы және бонустық құрылым.

Егер Сізде "Бәйтерек" холдингіне персоналды жалдау және іріктеу үдерісі бойынша әлі де сұрақтарыңыз қалса: + 7 (7172) 91-92-01 номеріне хабарласыңыз.

Студенттер мен түлектер

"Бәйтерек" холдингі қажетті жұмыс тәжірибесін алу және теориялық білімдерін тексеру үшін Қазақстанның, жақын және алыс шетелдердің жетекші университеттерімен жұмыс істейді. Біз студенттерге келесілерді ұсынамыз:

  • Мемлекеттік ауқымдағы ірі, күрделі жобаларға қатысу
  • Кәсіби құнды практикалық дағдылар
  • Жеке қасиеттерін дамыту
  • Жоғары кәсіби командамен ынтымақтастық
  • Стандартты емес міндеттерді шешуге шығармашылық көзқарасты мадақтау

Холдингте тәжірибеден/тағылымдамадан өту үшін өтінімді hrd@baiterek.gov.kz электрондық мекенжайына жолдауға болады.


Компанияның бос жұмыс орындары
5бос орын
Автоматизация и управление 1
13.07.2026 11:22:01

Цифрландыру департаментінің бас менеджері «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» акционерлік қоғамы

Білімге қойылатын талаптар: Ақпараттық технологиялар / математика /физика/электроника статистикасы/информатика саласындағы жоғары білім. Жұмыс өтілі...
AI
Big Data
Аналитика
Полный день
Инвестиции 3
15.10.2026 17:29:02

Бос лауазымға үміткерді іздеу және іріктеу: жоба жетекшісі, №1 Инвестициялық дирекция «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» акционерлік қоғамы

Білімге қойылатын талаптар: Жоғары қаржылық / экономикалық Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарын...
Финансы
Полный день
09.10.2026 15:33:02

Бос лауазымға үміткерді іздеу және іріктеу: жоба жетекшісі, №4 инвестициялық дирекция (негізгі қызметкер болмаған кезеңде) «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» акционерлік қоғамы

Білімге қойылатын талаптар: Экономика/қаржы /қолданбалы математика/құқық саласындағы жоғары білім/ техникалық ғылымдар. Лицензиялардың, сертификатт...
Инфраструктура
Финансовый и кредитн...
Полный день
06.10.2026 16:35:01

Бас менеджер, № 2 Инвестициялық дирекция «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» акционерлік қоғамы

Білімге қойылатын талаптар: Экономика, қаржы, құқықтану немесе басқару (менеджмент)саласындағы жоғары білім Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: Кәсіби с...
Кредитование
Полный день
Экономика 1
15.10.2026 16:31:02

Бас менеджер, экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті (негізгі қызметкер болмаған кезеңде) «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» акционерлік қоғамы

Білімге қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық / қаржылық білім Лицензиялардың, сертификаттардың болуына қойылатын талаптар: Сертификаттаудың арты...
Бюджетирование и пла...
Полный день

Кіру