Вакансия Ақпараттық технологиялар/ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі бас аудитор (өкілеттіктерді ұзарту кезінде конкурстық іріктеу шеңберінде) Jobs.baiterek.gov.kz

Главный аудитор по информационным технологиям/информационной безопасности (в рамках конкурсного отбора при продлении полномочий)

Ақпараттық технологиялар/ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі бас аудитор (өкілеттіктерді ұзарту кезінде конкурстық іріктеу шеңберінде) "Отбасы Банкі" АҚ

Вакансия ашық
  • Құрылған күні: 07.11.2025
  • Қаралымдар: 492
  • Жауаптар: 13

Вакансия туралы

Негізгі міндеттері:
  • Ішкі аудит департаментінің (ІАД) жұмысына, сондай-ақ ІАД-ға жүктелген міндеттер мен функцияларды ІАД қызметін реттейтін ішкі құжаттарға және МОПП-ның міндетті элементтеріне сәйкес орындауға қатысу;

  • Ақпараттық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік, ішкі аудит және (немесе) ІАД қызметі мәселелері бойынша ішкі құжаттарды әзірлеуге, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысу;

  • ІАД қызметіне тән тәуекелдерді басқару бойынша ұсыныстарды бағалау және оларды ІАББ Бастығына және (немесе) ІАД Директорының қарауына енгізу;

  • МОПП-ның міндетті элементтерінің сақталуын қамтамасыз ету;

  • ІАД қызметінде тиісті құпиялылық деңгейін қамтамасыз ету;

  • Ішкі аудитті ұйымдастырудың белгіленген тәртібіне сәйкес ІАД қызметін жоспарлауға және ІАД-ның жылдық аудит жоспарын (ЖАП) орындауға қатысу;

  • ІАД бекітілген ЖАП-на сәйкес аудиттік тапсырмаларды орындау және (немесе) орындауға қатысу;

  • ІАД-ның бекітілген жылдық аудит жоспарына сәйкес (синергетикалық) аудиттік тапсырмаларды орындау және (немесе) орындауға қатысу;

  • Ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару жүйелерінің тиімділігін кешенді бағалауды жүзеге асыру және (немесе) оған қатысу;

  • ІАД туралы Ережеге сәйкес қажет болған жағдайда жоспардан тыс аудиттік тапсырмаларды орындау;

  • Аудиттік тапсырмалар бойынша құжаттаманың, ақпарат пен дәлелдердің, аудиттік байқаулар нәтижелерінің талдау және бағалау нәтижелерінің тиісті түрде ресімделуін, қорытындылардың, анықталған кемшіліктердің көрсетілуін, негізделген ұсынымдардың әзірленуін, жоспарлы және жоспардан тыс аудиттік тапсырмалар бойынша қорытындылардың қалыптастырылуын қамтамасыз ету;

  • Аудиттік тапсырма жетекшісінің міндеттері мен функцияларын орындау, соның ішінде аудиттік тапсырмалар мен бағдарламаларды әзірлеу, аудит нәтижелері бойынша қорытынды есептерді қалыптастыру – ІАД ішкі құжаттары мен Халықаралық ішкі аудит стандарттарының талаптарына сәйкес;

  • Банктің қаржылық есептілігін сыртқы аудиттен өткізу жөніндегі сыртқы аудиторлардың есептерін, ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару, корпоративтік басқару және ішкі аудит мәселелері бойынша консультанттардың және уәкілетті (қадағалаушы) мемлекеттік органдардың есептерін қарауға қатысу;

  • ІАД ұсынымдарының және Банктің сыртқы аудитор, уәкілетті (қадағалаушы) мемлекеттік органдар, ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару, корпоративтік басқару және ішкі аудит жүйелерін бағалау жөніндегі консультанттар ұсынымдары бойынша іс-шаралар жоспарларының орындалуын мониторингтеу және растау;

  • Банктің Атқарушы органына, Аудит комитетіне және Директорлар кеңесіне ұсыну үшін ІАД ақпараты мен есептерін дайындау;

  • Өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін үздіксіз арттыру, өз лауазымдық міндеттерін тиімді орындау мақсатында кәсіби даму;

  • ІАД Директорына қызметкердің негізгі қызмет нәтижелерінің көрсеткіштері картасын сапалы және уақтылы дайындауды және ұсынуды қамтамасыз ету;

  • Ішкі аудит, ақпараттық технологиялар/ақпараттық қауіпсіздік мәселелері, сондай-ақ корпоративтік басқару, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау процестерін жетілдіру бойынша кеңес беру, бұл ретте ІАД-ның ұсынылған консультациялық қызметтер негізінде қабылданған басқарушылық шешімдер үшін жауапкершілікті өз мойнына алмауын қамтамасыз ету;

  • ІАД туралы Ережеге сәйкес қызметтік тергеулерге және арнайы тексерулерге қатысу;

  • Ішкі аудит, ақпараттық технологиялар/ақпараттық қауіпсіздік, тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару мәселелері бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу;

  • Заңнамалық, реттеуші, талдамалық құжаттарды, МОПП өзгерістерін, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын зерделеу және Банк ішкі рәсімдері мен құжаттарына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар енгізу.

Талаптар:
  • Жоғары (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: қаржы және (немесе) экономика, және (немесе) бухгалтерлік есеп пен аудит, және (немесе) құқық, және (немесе) менеджмент, және (немесе) ақпараттық технологиялар/ақпараттық қауіпсіздік салаларында;

  • Келесі салалардың бірінде кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі: ақпараттық технологиялар және (немесе) ақпараттық қауіпсіздік, және (немесе) ішкі аудит, және (немесе) бухгалтерлік есеп, және (немесе) қаржы, және (немесе) құқық;

  • МОПП, COBIT (Control Objectives for Information and Related Technology) әдіснамасы, корпоративтік басқару, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау негіздері, ақпараттық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздікті басқару стандарттары немесе халықаралық қаржылық есептілік стандарттары жөніндегі білімдер;

  • Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу, оның ішінде ақпараттық жүйелер мен ақпараттық қауіпсіздік, аудит қызметі, акционерлік қоғамдар, бухгалтерлік есеп және салық салу, еңбек, мемлекеттік мүлік және қаржы мәселелері бойынша;

  • Төмендегі кәсіби сертификаттардың біреуі немесе бірнешеуі болуы:
    CISA (Certified Information Systems Auditor),
    CISM (Certified Information Security Manager),
    CIA (Certified Internal Auditor),
    CRMA (Certification in Risk Management Assurance),
    COBIT, CRISC, CISSP, CGEIT, CSX-P, CDPSE немесе ақпараттық технологиялар/ақпараттық қауіпсіздік саласындағы өзге де халықаралық деңгейде танылған сертификат;

  • Қалаулысы – келесі сертификаттардың біреуі немесе бірнешеуі:
    ACCA, DipIFR, CFA, CIPA, CFE немесе өзге де халықаралық танылған кәсіби сертификат.

Жұмыс шарттары:

  • Іссапарлар – жұмыс уақытының шамамен 10%.

  • Бәсекеге қабілетті еңбекақы.

  • Банктің жобаларына қатысу.

  • KPI нәтижелеріне байланысты тоқсан сайынғы сыйақы.

  • Кәсіби даму мүмкіндігі.

  • Жұмыс беруші есебінен оқыту.

  • Медициналық сақтандыру (тар мамандар қызметі, стоматологиялық ем, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, УДЗ және т.б.).

  • Материалдық көмек (некеге тұру, бала туу және т.б. жағдайларда).

  • Жыл сайынғы демалыс – 30 күнтізбелік күн.

  • Емдік жәрдемақы – демалысқа шығарда 2 айлық еңбекақы мөлшерінде.

  • Банктің корпоративтік өміріне қатысу.

  • Мансаптық өсу мүмкіндігі.

  • Ынтымақты және кәсіби командада жұмыс істеу.

Дағдылар
Аудит
IT аудит
Требуемый опыт работы
свыше 5 лет
Жұмыс кестесі
Полный день

Конкурс мәртебесі

  • Отказано 5
  • В обработке 5
  • Рассмотрение 3
  • Собеседование 0
  • Тестирование 0
  • Отбор 0
  • Принят 0

Кіру