Вакансия туралы
Біліктілік талаптары:
- Экономика, қаржы немесе құқық саласы бойынша жоғары білім.
- Департамент қызметіне сәйкес саласында кемінде 3 (үш) жыл еңбек өтілі. Мемлекеттік қызметте, ұлттық даму институттарында, екінші деңгейлі банктерде, қаржы ұйымдарында, зерттеу институттарында, консалтингтік компанияларда, халықаралық ұйымдарда кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі басым. Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегілеріне/магистратураны немесе PhD докторантурасын тәмамдағандарға жұмыс өтілі кемінде 2 (екі) жыл болуы қажет.
- Талдау жүргізе білу (соның ішінде статистикалық және экономикалық);
- Презентацияларды әзірлеу және өткізу, сондай-ақ келіссөздер жүргізу дағдылары болуы тиіс;
- Іскерлік хат-хабар алмасу дағдыларына ие болу;
- Аналитикалық есептер мен баяндамалар дайындау.
Құзыреттер:
- Сауатты ауызша және жазбаша сөйлеу;
- Командада жұмыс істей білу;
- Коммуникабельділік.
Кандидатқа қойылатын функционалдық талаптар:
- Стратегиялық жоспарлау және бағдарламаларды ілгерілетуге қатысу;
- Аймақтық филиалдардың (РФ) жұмысын үйлестіру, іс-шараларға қатысу, проблемалық мәселелерді бақылау және талдау;
- «Жасырын сатып алушы» бақылауларын ұйымдастыру, «Ulttyq Ónim» көрмесіне қатысу, РФ
бойынша есептер мен рейтингтерді дайындау;
- Директоратты дайындау және сүйемелдеу, тапсырмалардың орындалуын бақылау;
- Ішкі құжаттаманы әзірлеу және сүйемелдеу, бюджет пен сметаларды қалыптастыру;
- Мемлекеттік органдармен, екінші деңгейлі банктермен, Қордың еншілес ұйымдарымен өзара
әрекеттесу;
- Қызметкерлерді оқыту, сатып алуды бастамалау, операциялық тәуекелдерді басқару;
- Сұраныс бойынша аналитикалық материалдар, хаттар және презентациялар дайындау.