Қор қызметімен байланысты тәуекелдерді анықтау, бағалау және мониторинг жүргізу процестеріне қатысу;
Кредиттік, нарықтық және операциялық тәуекелдер бойынша талдамалық материалдарды дайындау;
Тәуекел-менеджмент саласындағы ішкі нормативтік құжаттарды, әдістемелер мен рәсімдерді әзірлеуге қатысу;
Тәуекелдерді төмендетуге қатысты есептерді, қорытындыларды және ұсыныстарды дайындау;
Тәуекелдерді бағалау мәселелері бойынша Қордың құрылымдық бөлімшелерімен өзара әрекеттесу, қажет болған жағдайда құжаттарға құқықтық сараптама жүргізу;
Іскерлік хат алмасу жүргізу, қызметтік жазбалар, презентациялар мен ақпараттық материалдарды әзірлеу.
Білімі:
Жоғары (экономикалық, қаржылық, математикалық немесе заңгерлік).
Жұмыс тәжірибесі:
Тәуекел-менеджмент, аудит, ішкі бақылау немесе соған ұқсас салаларда кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі. Қаржы ұйымдарында, ұлттық даму институттарында немесе мемлекеттік қызметте жұмыс істеген тәжірибе — артықшылық болып саналады.
Кәсіби білім мен дағдылар:
Тәуекелдерді талдау және басқару саласында терең білім;
Кредиттік, нарықтық және операциялық тәуекелдерді бағалау әдістерін меңгеру;
Қаржылық талдау, банк және сақтандыру қызметінің негіздерін білу;
Қаржы, банк ісі және кәсіпкерлік саласындағы ҚР заңнамасын түсіну;
Шарттар, есептер, актілер және басқа да құжаттарды дайындау дағдылары;
Іскерлік хат алмасу жүргізу қабілеті;
Қазақ және орыс тілдерін іскерлік деңгейде меңгеру;
Компьютерді (MS Office, электрондық пошта, интернет-ресурстар) сенімді пайдалану; 1С және басқа да қолданбалы бағдарламаларды білу — құпталады.
Жоғары әлеуметтік маңызы бар тұрақты ұйымда жұмыс істеу мүмкіндігі;
Кәсіби және мансаптық өсу мүмкіндіктері;
Тәуекелдерді басқару саласының негізгі бағыттарын дамытуға қатысу;
Қордың ішкі саясаттарына сәйкес әлеуметтік пакет.